Атырауда тағы бір танымал дәрігер көз жұмды
Атырауда №4 емхана рентгенолог-дәрігері Нариман Зұлпыхарұлы Ақпанов қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ақпарат порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты
"Нариман Зұлпыхарұлы біздің №4 емханада демалыссыз жұмыс істеп, өз білімі мен тәжірибесін пациенттерді емдеуге арнады. Оның өжет мінезі, әзілқойлығы, мейірімді жүрегі мен нағыз адами қасиеті, әділеттілігі мен өз ұстанымын көрсете алатын қабілеті әріптестерінің назарын аударатын. Оның кенеттен қайтыс болуы біздің барлығымызға, емхана ұжымына ауыр тиді. Біз Нариман Зұлпыхарұлының отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Нариман Зұлпыхарұлы Ақпановтың жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде қалады. Иманды болыңыз, жаныңыз жәннатта болсын, мәңгi есiмiздесіз", - делінген хабарламасында
Ақпановтың неден қайтыс болғаны ресми түрде хабарланбаған, бірақ ол пневмониямен ауырды деген ақпарат бар. Сонымен қатар басылымның мәліметінше, бұған дейін коронавируспен күресіп жүрген атыраулық төрт дәрігер көз жұмған.