Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов бақилық болды

Oinet.kz 15-07-2020 1293

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетов өмірден өтті.

Screenshot_5.jpg

Бұл туралы 15 шілде күні кешке Facebook парақшасында аймақ әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жазды.

"Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - делінген хабарламада.

Өлімнің себебі көрсетілмеген.

Қосман Айтмұхамбетов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Түркістан: 22 түрлі 128 мыңнан астам дәрілік заттар дәріханаға түседі
Әділет министрі: «Әр тұлғаға берілетін бір реттік төлем бір миллион теңге болады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу