Ресейлік дәрігерлер Қазақстандағы "белгісіз пневмонияның" шын мәнісінде қандай ауру екенін
Қазақстандықтар "белгісіз пневмония" туралы ақпаратқа алаңдауда. Коронавирус инфекциясына ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсеткендерге осындай диагноз қойылуда. Отандық мамандарға көмекке келген ресейлік дәрігерлер осыған байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Oinet.kz порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ресейлік медиктер тобы Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығында жұмыс істеуде.
"Қазір барлық пневмониялардың коронавирус инфекциясы болуы ықтимал. Себебі жазғы кезеңдегі эпидемиологиялық көрсеткіштер пневмонияға тән емес. Біз жай ғана статистиканы алып, өткен жылы қанша пневмония болғанын салыстыра аламыз. Осы сандарды алып тастағанда, коронавирус инфекциясының таралуын байқаймыз", – деп түсіндірді РФ денсаулық сақтау министрлігінің фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар ұлттық медициналық зерттеу орталығының пульмонологы Евгений Попов.
Оның пікірінше, қазіргі уақытта қойылған пневмония диагноздарының барлығын дерлік әлеуетті коронавирус инфекциясы ретінде қарастыру керек.