Елбасымен қажылыққа бірге барған ғалым пневмониядан қайтыс болды

Oinet.kz 12-07-2020

Елімізге белгілі ғалым, Мұрат Мыңбаев 64 жасында өкпе қабынуынан (пневмония) қайтыс болды.

Мұрат Тайкелтірұлы - 1956 жылы 15 қаңтарда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Темірлан ауылында дүниеге келген туған.

Screenshot_8.png

1973 -1878 Жамбыл қаласындағы (қазіргі Тараз) жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына “Тігін өнеркәсібі” факультетінде "жеңіл өнеркәсіптің инженер-технологы" мамандығын үздік бітірген., 

1979 жылы Ленинград жеңіл және тоқыма өнеркәсібі институтының аспирантурасына түсіп, 1982 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми диссертацияны сәтті қорғайды.

Мұрат Мыңбаевтың басшылығымен 4 кандидаттық диссертация дайындалып, таңдалған ғылыми бағыт бойынша 150-ден астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 15 өнеркәсіптік патент пен өнертабыстар, 10 авторлық куәлік,3 монография жарық көрді.

1998-2009 жылдар аралығында Меккеге 16 қажылық жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажылық сапарында серік болды.

Исламтануды 20 жылдан астам зерттеді.

Ғылыми дәрежесі - техника ғылымдарының кандидаты,2003 жылдың тамызында "профессор" ғылыми атағы берілді.

Қазақ, орыс тілін, болгар, араб, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеген.

Сонымен қатар, ҚР индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің стандарттау жөніндегі халал техникалық комитетінің жауапты хатшысы, "Рухания-Инвест" инвестициялық науқанының бас директоры, "Сән Әлемі" дизайн және технологиялар институтының бас директоры, "Руханият" халықаралық мұсылман университетінің ректоры қызметін атқарған.

«СК-Фармация» ЖШС жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
Ертең бір минуттық үнсіздік жарияланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×