Мәйітхана алдында кезекте тұрған халық бүкпесіз шындықты айтты
«Орайтын кілемімді, матамды әкелдім. Енді анамды орап, әкетейін десем, денесін бермей жатыр».
Бүгін Алматыдағы №1 мәйітхана алдында жақынын алып кетуге келген елдің жанайқайы ортақ. Күні кеше ғана жақындарын ауруханаға әкеліп, бүгін сүйегіне келгендер таңғы жетіден жүрміз, - дейді.
Кейбірі мұнда айналасы екі күннің ішінде екінші туысының мүрдесін алуға келгендер. Қайтыс болғандардың морг алдындағы ұзынсонар кезегін қатысты паталогоанатомдар қалай түсіндірді. Марқұмдардың көптігінен үлгермей жатыр ма? Алматыда соңғы екі күнде қанша адам қайтыс болды?
Ирина Советжанқызының материалдында.