Мемлекет басшысы Тоқаев қазақ халқына маңызды үндеу жасады

Oinet.kz 08-07-2020 6201

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күллі қазақ жұртына маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

image.png

Алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Құрметті, отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптастан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті. Соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті бірқатар елдерде карантин талаптары қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде 2 апталық мерзімге карантиндік шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатындығы сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президенттің шешімімен 13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады. 

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды
"Үш жігіт үш күн бойы зорлады": әйел зорлықтан қалай құтылғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу