Шымкентте елестер үйінде Қонаевтың бейнесі пайда болды

Oinet.kz 03-07-2020 5576

Шымкенттегі елестер үйінде Дінмұхамед Қонаевтің суреті бейнеленген граффити пайда болды,  деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Үйдің қабырғасында мемлекет қайраткерінің: "Адамға жазаның ең үлкен - жұмыссыз қалдыру", - деген сөзі жазылған.

Айта кетейік, үй Дулати мен Мәделі қожа көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұған дейін екі рет жанып кеткен.

image.png

Ол елестер үйі ретінде танымал. Тозығы жеткен үй бірнеше жылдан бері бос тұрғанына байланысты осылай аталып кеткен. Терезелерінде әйнектер жоқ.

Көршілердің айтуынша, өзгеге білгісіз себептерге байланысты үй иелері мұнда ешкімді қоныстандырмаған, өздері де тұрмаған, уақыт өте келе бұл көптеген қауесет пайда болған. Кейбіреулері үйдің қараусыз қалғаны елестермен байланысты деп сендіреді.

Діни басқарма Әбдуғаппар Смановтың жаназасына қатысты пікір білдірді
Енді қазақстандықтар жедел-жәрдем қызметіне ақша төлейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу