Жұмат Шанин театрының абыз атасы өмірден өтті

Oinet.kz 02-07-2020 2039

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының абыз атасы Мәжит Жамбылұлы Ілиясқар 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы театр ұжымы Instagram парақшасында хабарлады. 

image.png

- Бүгін, театрымыздың абыз атасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәжит Жамбылұлы Ілиясқар 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Саналы өмірін, парасатты ғұмырын Ж.Шанин театрына арнаған абзал жан - Қазақ театрының алып тұлғасы, бекзат өнердің шоқ жұлдызы еді. Мәжит Жамбылұлы актерлік өнерімен қоса Ж.Шанин театрының қазыналы көмбесі - мұрағат көзі еді. Театр тұлғасының жарқын бейнесі мен өнегелі өмірі жүрегімізде мәңгі сақталады. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын! - дейді әріптестері. 

Марқұмның жаназасы бүгін сағ. 15.00 , Төлеметов көшесі, 69/17, 41 пәтерде өтеді.

Мәжит Жамбылұлы Ілиясқар 1937 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Жангелдин атындағы ұжымшары Сергеевка селосында туған. Қазақ.

Әкесі - Жамбылов Ілиясқар, шопан болған, марқұм. Анасы -Жамбылова Сарқыт, шопанның көмекшісі болған, марқұм. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Қазақстан Халық әртісі А.Тоқпановтың театр сынып бөлімі актерлік факультетін бітірген (1961), драма театрының актері.

«Өтебаев», «Талант бапкері-Тастан» (2004) кітаптарының,«С. Өтемісов - 50-де» буклетінің (1993), 37 мақаланың соның ішінде «Жазушы және театр» (1967), «Ізденіс» (1980), «Шорнақтан шыққан саңлақ», «Шеберлік деген бір шың бар» мақалалардың авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Қазақстан Коммунистік партиясының мүшесі (2004 жылдан).1955 жылдан - Алматы облысы Жамбыл ауданы Жангелдин ұжымшарында маусымдық жұмыстардың жұмысшысы,сақманшы, балғашы. 1961 жылдан - Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі.

1962 жылдан бері - Өлкелік орыс-қазақ бірлескен театрының әртісі (қазір - Түркістан облысы Ж.Шанин атындағы облыстық музыкалық-драма театры).

Еңбекшілердің 4-ші шақырылған Оңтүстік-Қазақстан облыстық Халық Депутаттары Кеңесінің (№96 сайлау округінен ұсынылған, 1980-1982 жылдары), Дзержинский аудандық Депутаттары Кеңесінің депутаты.

Оңтүстік-Қазақстан облыстық Театр қайраткерлері одағы филиалының Төрағасы (2005-2010). БЛКЖО, КОКП мүшесі (1980 жылдан), Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Оңтүстік-Қазақстан обкомының екінші хатшысы. Қазақ театр қоғамының мүшесі (1962).

«Еңбек ардагері» (1985), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002) медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1980). Қазақстан Театр фестивалінің лауреаты (2002). «Көпжылдық сахналық еңбегі үшін» дипломының және сыйының иегері (2002). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Жұбайы - Бельчикова Майра Болтайқызы, марқұм,Агропромбанк аға экономисі болған. Ұлы - Ілиясқаров Асқар Мәжитұлы (1967 жылы туған), химия ғылымының докторы, Шымкент цемент зауыты техникалық директорының көмекшісі, аудармашысы, ассистенті.

Әбдіғаппар Сманов ұстаздың неден қайтыс болғаны белгілі болды
5 шілдеден бастап енгізілетін карантин шаралары қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу