Шымкентте жедел-жәрдем шақыртушылар күрт көбейді

Oinet.kz 01-07-2020 899

Screenshot_12.jpg

Соңғы кезде ауа райы температурасының күрт өзгеруіне және шомылу маусымының басталуына байланысты Шымкентте ЖРВИ-мен (ОРВИ) сырқаттанушылар 2 есеге, пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге артып отыр. Мұндай мәліметті Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы таратты. 

Осыған байланысты маусым айының ағымдағы кезеңіне ЖРВИ (5565) және пневмонияның (1688) 7 253 жағдайы тіркелген. Бұл өз кезегінде жедел жәрдемге жүгінушілер санын 5,5 есеге өсуіне әкеліп отыр. Күніне жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны – 2 100 болса, оның 500-ге жуығы пневмониямен ауырғандар. 

Нақты мәліметтер бойынша өткен тәулікте 251 науқас ауруханаға түскен, оның ішінде КВИ-25, ЖРВИ-20, пневмония-206. 

Жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер санының артуына байланысты, Шымкентте «103», КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайтылды, сонымен қатар, қалада қосымша 1000 стационарлық төсек-орындары ашылды.

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды
Реанимациядан күніне он өлік шығарады – Тараз тұрғыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу