Вице-министр: Дәрі-дәрмектер сатылымына шектеу қойылады

Oinet.kz 01-07-2020 2356

Елімізде сатылатын дәрілердің санына шектеу қойылатын болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Людмила Бюрабекова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

Людмила Бюрабекова получила новую должность - 365info.kz

Вице-министрдің айтуынша, енді дәріханаларда бір адамға 2-3 дана дәріден артық берілмейді. Әсіресе соңғы кезде сұранысқа ие препараттарды бейпіл сатуға шектеу қойылды. Адамдар қажеті жоқ дәрілерді де артығымен алып, шын мұқтаждарға препарат қалмай қалмауы мүмкін болғандықтан осындай шаралар қабылданды дейді ол. 

"Қазіргі таңда бірқатар аймақтардың әкімшіліктері мен дәрі тасымалдаушыларының арасында мемарандумға қол қойылды. Бір адамға 2-3 дана дәріден артық сатылмайтын болды. Өйткені емдеу курсына бұдан артық доза қажет емес. Бұл жұмыстар дәрі-дәрмектердің әрбір үйде бос жатпауы үшін жасалып жатыр. Дәрінің қолданылу мерзімі бар екенін де ескерген жөн. Соңғы бірнеше аптаның ішінде сатып алынған дәрілер әрбір үйде босқа тұратын болды", - дейді Бюрабекова. 

Сонымен қатар, вице-министр бір отбасы мүшелеріне берілетін дәрі-дәрмек мөлшері туралы да айтып берді. Дәрігердің нұсқауымен жазылған препараттарды алу қиынға соқпайды, ал өз бетімен алушылар болса шектеу қойылады деп түсіндірді. Осылайша ол, коронавирус белгілері бар науқастарды өз бетінше емделмеуге шақырды. 

Жас отбасыларға баспаналы болу мүмкіндігі
Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу