Тоқаев бұл істен қандай сабақ алар екен?
Лукашенко Поршенконың қателігін қайталамайды.
Беларустье өтетін президент сайлауы қарсаңында түрлі толқулар көбейіп кетті. Кездейсоқтық емес, әрине. Мұның бәрі де алдағы саяси доданың әдеттегі сценарийден өзгешелеу өтетінін байқататын сияқты.
9 тамызда өтетін сайлаудың фавориті, ел президенті Александр Лукашенко да тұрақтылыққа қауіп төніп тұрғанын жасырып отырған жоқ. Оның ойынша, сайлау кезінде әлдебіреулер алаңға шығып, түрлі құйтырқылар ұйымдастыруы әбден мүмкін. Бәрі де алдын ала дайындалған. Бірақ «Батька» бұған жауап беруге де дайын екендігін білдірді.
-Барлықтарыңыз да мұны жақсы білесіздер. Бұл сайлауда «заманауи» әдіс-тәсілдермен бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ біз мұны бастан өткеріп қойғанбыз. Сол кезде де алауыздыққа жол бергеніміз жоқ, алдағы уақытта да бермейміз. Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу үшін тиісті шараларды атқаратын боламыз,-деді президент.
Лукашенко былтыр сайлауда жеңіліп қалған Украинаның экс-президенті Порошенконың қателігін қайталамайтындығын айтты.