Коронавирустан тағы бірнеше адам көз жұмды
Елімізде СOVID-19 вирусынан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"Коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды. Қарағанды облысы - 1958 жылы туған ер, Павлодар облысы - 1957 жылы туған әйел, Нұр-Сұлтан қаласы - 1944 жылы туған әйел, Шымкент қаласы - 1950 жылы туған әйел адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстан бойынша індеттен 52 адам қайтыс болды.