Дариға Назарбаева атышулы отставкадан кейін алғаш рет халық алдына шықты

Oinet.kz 03-06-2020 4572

Сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет халық алдына шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full1591165698b72852658bd9d63c9a916dc36ee75d50.jpg

Дариға Назарбаева "Қазақстан жастарының конгрессі" жастар қауымдастығының мүшелерімен жиналыс өткізді.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева - аталған қоғамдастықтың төрайымы. 

4 сағатқа созылған жиналыста сенаттың экс-спикеріне "Қазақстан жастарының конгрессі" тарапынан жүзеге асырылған және 2020 жылға жоспарланған түрлі жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, "Жасыл ел" бағдарламасын одан әрі дамытуға арналған, әлеуметтік "Kasipker ana", "Stud лига" республикалық студенттер қозғалысы, "Qaz Woman" Қазақстанның бастамашыл әйелдер қауымдастығы ұсынған және т.б жобалар қатысушылар таныстырылды.

Еске салайық, мамыр айының басында Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылған болатын. Одан кейін Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып тағайындалды. 

Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
96 миллион теңгеге әжетхана салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу