Шымкент қаласында 17 жасар студент жігіт қайтыс болды
Шымкент қаласында 17 жасар студент жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- "Өкінішке қарай, 1 маусымда сағат 23.45-те жігіт қайтыс болды. Комада жатты, жағдайы ауыр болды. Есін жимастан көз жұмды", - деді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан.
- "Құлағы мен басынан қан кетті, саусақтарында тырнағы қалмаған. Аяусыз ұрып-соққан. Менің інім спортшы болатын. Оны 7-8 адам ұрған. Бірақ негізі одан да көп адам төбелесті. Осы іс бойынша 15 адам сот алдына келеді. Олардың төртеуі қамауға алынды дейді. Бірақ мен барлығының жауапкершілікке тартылғанын қалаймын. Жай сол жерде тұрып, төбелескендерді ажыратпағандардың да жауапкершілікке тартылғанын қалаймын", - деген еді бауырларының бірі.