Алматыда жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік аударылып кетті (видео)

Oinet.kz 30-05-2020 1333

Алматыда жол көлік оқиғасы орын алды. Жол бойында келе жатқан Hyundai Solaris көлігін басып озбақшы болған Mercedes Benz GLE аударылып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. Оқиға орын алған сәтте түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарауда.  

image.png

Жазба авторының сөзінше, Mercedes Benz GLE жүргізушісі Hyundai Solaris-ті озбақ болған, алайда көлік тізгініне ие бола алмай қалып, аударылып кеткен. Аударылған темір тұлпар  сүйретіліп барып, бірнеше метрден кейін бір-ақ тоқтапты.  

Жол апаты салдарынан бес адам зардап шеккен: Mercedes-те болған жүргізуші мен үш жолаушы және Hyundai жолаушысы. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартыпты. 

- "Қазір аталған жайт бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл жағдай Медеу ауданыны полицейлерінің бақылауында. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жапа шеккендер жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда. Жол ережесі бұзғандықтан осындай ауыр жол апаты орын алып отыр", - деді Алматы қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Достык Чайкиной

Публикация от Паблик Для Народа (@kris.p.almaty.official)

Әйелі мен қайын апасын пышақтаған азамат іздестірілуде
Шымкентке қонақ болып келген 14 жасар баланың мәйіті табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу