«Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмекпен қамтылған отбасылар.

Oinet.kz 29-05-2020 959

 Облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің жыл басындағы тапсырмасына сәйкес Ордабасы аудан аумағында  «Қамқорлық»  бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін 105 отбасы анықталып, отбасылардың өмірлік қиын жағдайдан шыққанға дейін сүйемелдейтін белсенді 86 куратор бекітілген.

image.png

Бүгінгі күнге 105 отбасыға 10 тонна ұн 1,6 тонна күріш, 1,685 кг қант, 1,6 тонна макарон өнімдері, 1359 литр сұйық май, 395 кг ет 890 кг көкөніс, 280 000 теңге қаржылай көмек берілген.

Екі жақ түзілген Меморандум негізінде:

1. Қарақұм ауыл округінде  1 отбасыға тұрғын үй (1 500 000 т). тұрмыстық техникалық заттарымен (300 000 т) әперілген.

2. Бөген ауыл округінде 1 отбасыға 5 бас уақ мал  беріп,  жұмысқа орналастырып (65000 теңге жалақысы), 1 азаматшаны  қоғамдық жұмысқа орналастырған (42500 теңге жалақысы).

3. Төрткүл ауыл округінде 1 отбасыға 5 бас уақ мал (3 қой, 2 ешкі), 1 азаматшаны қоғамдық жұмысқа орналастырып (42500 теңге жалақысы), бір отбасыға 11 бас тауық әперген (құны 33 000 теңге).

4. Шұбарсу ауыл округінен 2 отбасыға 5 ешкіден (құны 75000 т.),  2 отбасыға 20 тауықтан (құны 40000т), бір отбасыға  10 тауық алып берген. (құны 20000 теңге).

5. Бадам ауыл округінен 1 отбасыға 1 сауынды ешкі алып берген (құны 250000 теңге).

Сонымен қатар, келісім шарт негізінде тұрғын үймен қаматамасыз ету мақсатында Бөген ауыл округінде бір отбасыға тұрғын үйдің іргетасы қаланған, Бадам ауыл округінде іргетасы қаланып, 20 000 дана күйдірілген қыш түсірілген. 

Бір отбасыға тұрғын үй іргелік жер берілді.


Каналдарды механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде
Түлкібас ауданында ауылшаруашылығын дамыту мақсатында көшпелі семинар кеңес өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу