Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Черногория елінде 20 күн бойы коронавирус жұқтырған бірлде-бір адам тіркелген жоқ. Сонымен қатар, бұл COVID-19-дан барлық науқас сауығып шыққан Еуропадағы алғашқы ел, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы Черногорияның Қоғамдық денсаулық сақтау институты Twitter-де хабарлады.
"Ресми: қазіргі уақытта Черногорияда COVID-19 белсенді жағдайлары жоқ. Алғашқы тіркелген оқиғадан кейін 68 күн өткен соң Черногорияда қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған науқастар жоқ", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жақында зертханада елдегі соңғы 140 талдау үлгісі аяқталды, олардың арасында бір де бір жағдай анықталған жоқ.
"Сонымен қатар, соңғы адамның жағдайы толық сауығу өлшемдеріне сәйкес келді", – деді ведомство өкілі және халыққа "табандылық пен қолдау" көрсеткені үшін алғыс айтты.
Еске салайық, 630 мың адам халқы бар Черногория - коронавирус тараған соңғы еуропалық ел. Алғашқы оқиға 17 наурызда тіркелген. Эпидемия басталғалы бері жалпы пациенттердің саны 324 болған. Оның 315-і сауығып, тоғыз адам көз жұмды.