Шымкентте коронавирус жұқтырған 50 адам тіркелді

Oinet.kz 20-05-2020 831

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді (19.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).

Screenshot_2.jpg

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша  Шымкент қаласының  50 тұрғынынан  COVID-19 диагнозы нақтыланды:  Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус  скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас  инфекциялық стационарға жатқызылған, - делінген хабаламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 19.05.20 жылы Шымкент қаласы  бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны  485 адамға жетті.

Еліміздегі 10 облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды -ТЖК
«Ертең өледі де қалады, сосын өтірік жылағаннан не табасың» - Бейсен Құранбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу