Қарақалпақтар Өзбекстаннан егемен болып, қазақ болмақшы ма?
Қарақалпақстан бөлінсе, өз мәселесін өзі шешуге мәжбүр болады. Ол да оңай болмайды.
Қарақалпақстанда жағдай ушығып барады, деген дабыл қақты саясаттанушы Әзімбай Ғали.
Бұлай кете берсе, қарақалпақтардың ұлттық-азаттық қозғалысы күшейе беруі ықтимал екен.
"Өзбекстанда да, Қарақалпақстанда да жағдай мәз емес, экономикалық қиындықтар күшейіп келеді. Сондықтан қарақалпақтың бір бөлігі елін тастап көшіп кеткісі бар. Қарақалпақтар Өзбекстаннан егемен болғысы келеді. Формальды ресми түрде Қарақалпақстанның бөлінуіне 14.12.1991 ж. жылғы акт куә болар. Менің білетінім, барлық мәселе тек бейбіт жолмен шешілуі керек. Келе жатқан дағдарыс Қарақалпақтарға іс жүзінде егемендік береді. Бірақ та шешілмейтін тауқымет бар: Өзбекстан мен Қарақалпақстандағы жұмыссыздық пен кедейлік егемендік алса да шешілмейді. Жұмыссыздық пен кедейлік себебі - еңбек қолының тым тез өсуі. Түбі екі ел бейбіт жолмен бөлінуі мүмкін. Өзбекстан басшылары бұл жағдайды түсінетін кез келер", - деп пайымдайды ғалым.
Қарақалпақстан бөлінсе, өз мәселесін өзі шешуге мәжбүр болады. Ол да оңай болмайды.
"Қазақстан қазақ жұртшылығын қайтарса және қазақ боламын деген қарақалпақтарға солтүстік өлкелеріне қазақпен аралас қоныстандыруға болса, қазақпын деген қарақалпақ қазақ арасына сіңер. Қарақалпақтар жерін де, жер асты, жер үсті байлығын да тастамайды. Ал Қарақалпақстанда өзбек саны қарақалпақтан басым болып республиканың біраз жерін Өзбекстан жұтуы ықтимал", - деді Әзімбай Ғали.