Таразда дүниеге үшем келді
Тарихы терең Тараз қаласында дүниеге үшем келді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында Тараз қаласының тұрғыны 33 жастағы Райхан Шахарбаева дүниеге үшем әкелді. Бұл оның екінші жүктілігі екен. Бір ұл және екі қыз жүктіліктің 33-аптасында кесір тілігі арқылы дүниеге келді. Олардың салмақтары 2235, 1679, 1619 грамм. Қазіргі уақытта үйіне шығарылған үшемнің жағдайлары жақсы. Күн санап салмақ қосуда. Бұл жайлы анасы айтып берді.
«Аллаға шүкір, балаларымның жағдайы жақсы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш болды. Жолдасым екеуміз мәз-мейрамбыз. Дәрігерлер ойдағыдай қарап, сәбилерімнің жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр»,-дейді Р.Шахарбаева. Айта кетейік, үшемнің әкесі Тараз металлургиялық зауытынды жұмысшы, ал анасы үй шаруасында.