Қарағандыда шахтердің қолы жұлынып кетті

Oinet.kz 24-04-2020 1071

Қарағанды облысының Саран қаласында Күзембаев атындағы шахтада жұмыс істейтін кеншінің қолын комбайн механизмі жұлып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Қайғылы оқиға жер астында кеншілер тау-кен массасын жинап, басқа бригадамен одан әрі өндіру жұмыстары үшін қазбаны бекітіп жатқанда орын алды. Тау жыныстарын жинап жатқан шахтерлер жұмыс орнына комбайнды шақырып, тией бастайды. Бірақ, таспа арқылы қозғалатын тау массасының үлкен ағынының салдарынан бөгеліс болады. Мамандар бірден механизмді өшіріп, жұмысты аяқтаған соң қайта қосады. Бірақ, іске қосылған сәтте жауапты қызметкер қауіпті механизм жанында адамның бар-жоғына көз жеткізбеген. Салдарынан 29 жастағы шахтердің қолын қайтатиегіш көліктің кареталы барабаны жұлып әкетті. Айғай естілген сәтте бөлімше басшысының көмекшісі көлікті өшірген. Азамат бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір техника қауіпсіздігін айналып тұрған барабанның жанында тұрған азаматтың, маңында шахтерлардың -бар-жоғына көз жеткізбестен көлікті қосқан маманның қайсысы бұзғанын анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. 

- "1991 жылы туған науқас қолдың травматикалық ампутациясымен ауруханада жатыр", - деп түсіндірді ауруханадан. 

Түркістан қаласында халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды жүруде
Қазақстанда COVID-19 вирусының екінші толқыны қашан болатындығы айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу