Коронавирус: Біртанов маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 22-04-2020 900

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус инфекциясының таралуы өткен аптада 15 пайызға артқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Ол елде инфекцияның таралу өсімі 8 пайызды көрсеткенін айтты.

- "Эпидемиологиялық тұрғыдан қарағанда, инфекцияның таралу өсімі маңызды. Дүйсенбіде науқастардың саны 1 711 болса, онда әр адам үш адамға жұқтыруы мүмкін. Демек, келесі күні науқастардың саны бес мыңға жетеді. Одан кейін ол бес мың он бес мыңға дейін көбейеді. Елімізде қабылданған шаралардың арқасында инфекцияның таралу қарқыны 8 пайызды көрсетеді", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Біртанов бұл жағдайдың тұрақталғанын білдірмейтінін баса айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта өсімді 5 пайызға, одан кейін минимумдық көрсеткішке түсіру көзделіп отыр. - - "Вирустың таралуы бір пайыздан төмен болған уақытта ғана оның таралуы құлдырады деп айта аламыз. Жаңа тіркелген науқастардың саны стационарлардан шығарылатындардың санынан аз болуы керек. Әзірге біз вирустың таралу шыңында тұрмыз", – деді министр. 

Біртанов Нұр-Сұлтан мен Алматы инфекция таралу шыңына жеткенін, алайда басқа аймақтарда ол жағдай кештеу болатынын жасырмады. 

- "Кез келген вирустың таралу шыңы бар. Ал денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шешімнің арқасында таралу деңгейі төмендейді. Бұл шамамен үш ай уақытты алады. Алайда әлем бойынша таралу деңгейі төмендегеніне қарамастан, инфекция түбегейлі жойылып кеткен ел жоқ. Сол себепті инфекцияның шарықтау шегін, құлдырауын наурыз, сәуір, мамыр айында бақылайтын боламыз", – деп сөзін қорытындылады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңға жуықтады. Оның он тоғызы көз жұмған. Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды.

Біртанов Алматы қаласының бас дәрігерін орнынан алып тастады
Ақтөбелік студент суға батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу