Коронавирус жұқтырудан сақтайтын мобильді қосымша жасалды
ЕуроОдақ коронавируспен ауыратын науқастармен байланыспауға және науқастың айналасындағы инфекция тізбегін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасады. Бұл туралы Еуропалық комиссияның ресми сайтында хабарлады, деп жазды korrespondent.net сайтына сілтеме берген Baq.kz
Байланыстарды іздеумен айналысатын мұндай қосымшалар коронавирусты тоқтатуға септігін тигізуі мүмкін. Бірақ оны қолданудың міндетті шарты - адам құқығын қорғауды қатаң сақтау, - делінген хабарламада.
Мұндай шаралар вирустың таралу тізбегін үзуге көмектеседі. Қосымшадағы барлық жеке мәлімет жасырын болуы керек. Бұл желіде кез келген пайдаланушы анонимді түрде тіркеле алады, оның ішінде вирус жұқтырғандар да.
Айта кету керек, мобильді қосымша адамдардың смартфондарына өз еріктерімен орнатылады және денсаулық сақтау саласы мамандарының назарында болады.