​Тұлғаларды іздестіру барысында түрлі әдістерді қолдануда

Oinet.kz 14-04-2020 642

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің маңызды басымдығы – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру болып табылады.

Атап өту керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен осы бағытта кешенді жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары, сондай-ақ басшылықтың жақын туыстарымен жеке кездесулері секілді түрлі әдістер қолданылады. 

  Жыл басында үш тұлға, атап айтқанда,  ОҚО ІІД ТЕБ бұрынғы қызметкерлері (2016ж. қазан айынан) және ОҚО Мемлекеттік кірістер департаменті кеден қызметінің екі қызметкері (2018ж. сәуір айынан бастап) іздестіруде болды.

Іздеу салынған адамдарды ұстау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Тиімді шаралардың бірі ретінде Департамент басшылығының қашқындардың жақын туыстарымен (аналарымен, аға-інілерімен және апа-қарындастарымен, сондай-ақ әйелдерімен) жеке әңгімесі болды.

Жеке кездесу барысында, сендіру әдісімен сыбайлас жемқорлық үшін жазалаудың бұлтартпастығына қатысты заңнаманың талаптары, іс-әрекеттердің салдарлары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Нәтижесінде аталған тұлғалар Департаментке өз еріктерімен келді. 

Олар келген соң күдіктілерге қатысты кепіл қолданылған.

Бұл жағдайлар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімнің артқанын көрсетеді.

ANTIKOR.LIVE: Бюджет ашықтығы – қоғамдық мониторингтің құралы
​Адамзат жеңіп шыққан қатерлі індеттер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу