"Аштан өлген": Түсіпбаева ТЖ кезінде маска тігіп сатқан жұлдыздарды жер қылды

Oinet.kz 13-04-2020 1990

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева ел басына түскен ауыр жағдайда өз пайдасын ойлаған отандық шоу-бизнес өкілдерінің масқарасын шығарды. Өнер иесі коронавирус пандемиясы кезіндегі сәтті пайдаланып, маска тігіп сатқандарды сынап тастады. Ол тіпті, сын сағатта табысқа кенелгісі келген жұлдыздардың атын атады деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Меруерт Түсіпбаева: 12 жыл ішіндегі барлық әнім хит болды ...

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында жазба жариялап, пандемия уақытында халыққа көмек көрсетудің орнына маска тігіп сатқан жұлдыздарды жер қылды. Әнші Динара Сәтжан мен Леонид Жеребцовтың ел үшін қиын кезеңде өз жеке басының пайдасын ойлағанына күйінді. 

"Мен теледидар қарамаймын. Кейде, балам арнайы таңдап, "кино көрейік" деп шақырғанда ғана. Жаңа бір оқырманым, осы фотоны салып жіберіпті. "Сізді көрдім" деп жатыр. Неге екені белгісіз "арандатушылық" деп қосып қойыпты. Достар, олай емес! Бұл қандай қатыгез болса да, өмір шындығы. 

Ащы шындық бұл! Сын сағатта, ел басына күн туғанда, денсаулығына , жасына қарамастан Берік Исмаилов 2000-нан астам маска тігіп, аурушаң балаларға( лейкомия) , көп балалы аналарға тегін таратып жатқанда, кейбір, пысықай “ дизайнерлер” Динара , Жеребцов па(танымаймын) міне осылар, КВИ келмесе, аштан өлетіндей асығыс маска тігіп сата бастады! 

Бұл шындық! Биік мінбелерден, неше түрлі форумдарды жүргізетін Динара қызымыз, ( халықтың ақшасына , салық төлеушілердің қалтасынан төленетін шаралар) өзінің нағыз патриот екенін дәлелдеді! Пейіл тарылмасын, халқым" - , деп жазды Түсіпбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева желіге әр қадамын салатын өнер иелерін сынап тастаған болатын. Ол мұндай әрекетке деңгейі төмен жұлдыздар ғана баратынын ашып айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Мен теледидар қарамаймын.... Кейде, балам арнайы таңдап, кино көрейік деп, шақырғанда ғана... И , конечно, это не “ Томирис”

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы екі адам көз жұмды
Коронавирус: «18 науқастың жағдайы ауыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу