Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионға жуықтады

Oinet.kz 14-04-2020 663

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 919 913 адамға жетті. Жақын арадам 2 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

image.png

Университеттің мәліметінше, бүгінге дейін әлем бойынша 119 666 адам жаңа вирус жұқтырған. Вирус жұқтырғандардың ең көп саны – АҚШ-та тіркелді. Құрама Штаттарында 700 000-ға жуық адам коронавирус жұқтырған. Испанияда 170 099 науқас Covid-2019 жұқтырғандар, 17 756 адам қайтыс болған. Италияда қауіпті вирус 20 465 адамның өмірін қиған, ауырғандар саны – 159 516. Францияда, Германияда және Ұлыбританияда жұқтырғандар саны тиісінше 137 877, 130 072 және 89 571 адамды құрайды.

"Жұмыс сұрап көргенім жоқ": Болат Назарбаев ағасы жайлы шындықты айтты
Коронавирус: «90 мың адамды түрмеден босатады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу