3 апта ішінде аурухана салмақ болған BI Group сотқа шағым түсірді

Oinet.kz 05-04-2020 5148

Бұл туралы ВІ GROUP компаниясының негізін қалаушы Айдын Рахимбаев Facebook-тағы парақшасында жазды деп хабарлайды Baq.kz

Компания басшысының полицияға және сотқа шағым түсіруіне әлеуметтік  желіде тараған хабарлама себеп болған. Оның айтуынша, бәзбіреулер халық  коронавируспен күресіп жатқанда, хайп ұстап, араңдатушылықпен айналысып отыр. 

Screenshot_11.jpg

- Кешеден бері BI мен Үкімет елдегі жағдайды пайдалана отырып, ақша тапқысы келеді деген хабарлама тарауда. Сонымен қатар, фейк және шынайы аккаунттардан келісімшартқа қол қойылмастан компания құрылыс жұмыстарын бастап кетті деген ақпараттар тарауда. Оның үстіне бұл ақпараттың таралу ауқымы да қолдан кеңейтілуде, - делінген жазбада. 

Сондай-ақ Айдын Рахимбаев аурухананың құрылысын жүргізуге республикалық штабтан ұсыныс түскенін қадап айтқан. 

- Бір апта бұрын Коронавирустың Республикалық штабынан бізге алдын-ала дайындалған ауруханаларды ең көп дегенде үш апта ішінде салу қажет екендігі туралы хабарланған болатын және бізді адам, инженерлік, техникалық және логистикалық ресурстарға ие Қазақстандағы ең ірі құрылыс компаниясы ретінде жұмыс тобына енгізді. Екі күннің ішінде біз шекаралар мен қалалардың жабылуына байланысты материалдарды шетелден жеткізу туралы көптеген ұсыныстарды алып тастадық және елде бар құрылыс материалдарынан салу керектігін түсіндік. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысына арнап 10 жылдан астам уақыт қызмет ететін аурухананың жобасын ұсындық. Мемлекеттік комиссияның  шешімі шыққанға дейін 2 күн қалғанда жер телімін дайындау жұмыстарын бастап кеттік. Яғни,құрылыс алаңына  арнайы техниканы, құрылысшыларға арналған асхана вагондарын жеткізу жұмыстарын жүргіздік. Ал құрылыс жұмысын ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың қорытынды шешімінен және әкімдіктермен келісімге қол қойылғаннан  кейін бүгіннен, 5 сәуірден бастадық, - деп баса айтты Айдын Рахимбаев. 

Оның айтуынша, бұл ауруханалардың құрылысы BI үшін түкке тұрмайды.  

- BI жылына шамамен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй мен коммерциялық нысандар салады. Ал үш аурухананың ауданы 14 000 шаршы метрге жуық. Бұл біз үшін түкке тұрмайды және біз таласатын көлем емес. Оның үстіне әу баста open-book принціпі бойынша жұмыс істеуді ұсындық. Біз барлық шығынымызды ашық көрсетеміз және бір тиында пайда таппаймыз. 17 наурызда алғашқылардың бірі болып 100 млн теңге көлемінде қаржылай көмек ұсындық, кейінірек жұмыстың ауқымын бағамдай келе оның көлемін 2 млн долларға дейін арттырдық. Сонымен қатар өзге құрылыс компанияларымен бірлесіп қысқа мерзімнің ішінде Ramada Plaza дайындап бердік. Бұдан басқа, жан-жақтан келіп жатқан жолаушыларға арнап карантин үшін Хилтон қонақүйін бөлдік. Барлық рейстер жабылғаннан кейін онда ауруханада кезекшілік өтеп жүрген  және отбасына қауіп төндіреміз деп қорыққан дәрігерлер де орналастырылады. Әдеттегі дей бұл жолы да біз ешқандай ақы талап етіп отырған жоқпыз, - деп ағынан жарылды Айдын Рахимбаев. 

Сөз соңында халық үлкен дертпен күресіп жатқанда, хайп ұстаған дұрыс емес, деді ол. 

- Біздің қазіргі міндетіміз сөз таластырмай, бірігу, баршамызға ортақ елімізге, Отанымызға мәселені тездетіп шешу үшін көмектесу, президенттің жанында бірігу, - деп түйіндеді ол.

Бір жасар сәби коронавирустан емделіп шықты
22:05-тегі ахуал: Қазақстанда коронавирус анықталған 584 адам тіркелген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу