Шымкент қаласында шектеу шараларын енгізу туралы
Қаулы Постановление
31.03.2020ж №8
Шымкент қаласында
шектеу шараларын
енгізу туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурызындағы №285 Жарлығы «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына және Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның келісіміне сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары арасында 2 коронавирус инфекциясы (COVID-19) тіркелуіне және Қазақстан Республикасының тұрғындарының арасында өршуіне байланысты, инфекцияны таралуына жол бермеу, індет ошағын оқшаулау және жою мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласында 2020 жылдың 31-ші наурыздың сағат 21:00 бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін келесі шектеу шаралары енгізілсін:
1.1. Шымкент қаласы және аудан әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармасына:
- қалаға кіретін/ қаладан шығатын барлық автомобиль жолдары жабылсын
- барлық автокөлік түрлеріне, азаматтардың қала аумағына кіруге/шығуға тыйым салынсын, төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда:
1) қаланың қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған көліктердің (соның ішінде арнайы автокөліктер, арнайы техникалардың) және транзиттік жүк көліктерінің кіріп/шығуына;
2) тұрақты жұмыс жасайтын азаматтардың, жұмыс жасайтынын растайтын құжаттарды (жұмыс орнынан белгіленген үлгіде берілген анықтама немесе қызметтік куәлік) ұсынған жағдайда кіріп/шығуына;
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 001-3/е нысанға сәйкес стационарға жатқызуға жолдамасы бар азаматтардың медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргендердің Шымкент қаласына кіріп/шығуына;
4) санитарлық авиация тарапынан тасымалданатын азаматтардың (пациенттердің), оның ішінде балалар ата-аналарымен, Шымкент қаласында орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарына кіріп/шығуына;
5) Шымкент қаласында уақытша болған тұлғалардың кеткісі келген жағдайда қаладан шығуына;
6) Шымкент қаласының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясымен жеке қаралған өзгеде жағдайлар бойынша.
1.2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына және Шымкент қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға, мекемелерге, Шымкент қаласының полиция департаментіне:
- Стационарларда, карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған балаларды, қабілеті жоқ сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды полиция қызметкерінің қатысуымен блок-бекетке дейін жеткізілуін және әке-шешесіне/қамқоршысына, немесе заңды басқада өкіліне тапсыруын қамтамасыз ету;
1.3. Шымкент қаласы және аудан әкімдеріне, Шымкент қаласында орналасқан барлық мекемелер мен кәсіпорындарға, жеке және заңды тұлғаларға:
- Шымкент қаласында бетперде кию режимі енгізілсін, сәйкесінше қала тұрғындары мен қонақтары бетперделерді барлық жерлерде киіп жүруге міндетті, әсіресе қоғамдық автокөлікте, халықтың көп жиналатын орындарда (сауда орындарында, базарларда, кәсіпорындарда, мекемелерде, ғимараттарда).
1.4. Банк филиалдарының, коммуналдық және телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындардың, сауда және басқа ұйымдардың басшыларына:
- банк мекемелерінде және ғимараттарында, бөлімшелерінде, төлем жүргізу орындарында, халықты сәйкесінше қабылдау кассаларында міндетті түрде кезектерде әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдай кезінде қабылданған дезинфекциялық жұмыс жүргізу және басқа да санитарлық талаптардың сақталуы, бетперде кию режимін сақтауды ұйымдастырсын;
- ғимараттардың ішінде және ғимаратқа қарасты аумағында, оның ішінде банкомат, кассалар, сауда нүктелерінің алдында адамдардың шоғырлануына, ұйымдастырылмаған кезектерге тұруға жол бермеу.
1.5. Шымкент қаласының және аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:
- Осы Қаулыға сәйкес енгізілген шектеу шаралары туралы ақпаратты қала тұрғындарына бұқаралық ақпараттық құралдары мен әлеуметтік желілері арқылы шұғыл, кеңінен таратуды қамтамасыз етсін.
2. Осы Қаулының талаптары, сондай-ақ төтенше жағдай режимі бұзылған кезде жауапты адамдарды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде көзделген барлық шаралар қабылдансын.
3. Қаулыны меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау міндетті.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев