Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асты

Oinet.kz 31-03-2020 1025

Дүниежүзінде 37,6 мыңнан астам науқас коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

00000000000000000000000000000000000000000000000000.jpg

Сoronavirus.jhu.edu порталы әлем бойынша COVID-19 вирусының таралу жағдайы туралы жаңа статистикалық мәліметтер жариялады. Оның ақпаратынша, қауіпті ауру жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ аумағында, яғни 163 429 адам. Америкада пандемия кезінде коронавирустан 3 008 пациент көз жұмды. Сондай-ақ, жұқтырғандар саны бойынша Италия көшбасшылар үштігінде тұр. Бұл мемлекетте вирусты 101 739 адам жұқтырған. Алайда мұнда қаза болғандардың саны Құрама Штаттардан бірнеше есе көп - 11 591 адам. Бұдан басқа, топ-3 құрамына Испания да кірді, онда қазіргі уақытта қауіпті аурумен ауырған 87 956 пациент бар. Бұл елдің аумағында аурудан 7 716 адам көз жұмды. Жұқтырғандар саны Германияда да артып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19 салдарынан ауруханада 66 885 адам жатыр. Мемлекет аумағында аурудың таралу кезеңінде өлім жағдайлары мыңнан аз - 645 адам тіркелген. Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 308-ге жетті. 

Министр: «Дәрігерге коронавирус жұқтырып ауырса 2 млн, қайтыс болса 10 млн теңге төленеді»
31 наурыздан бастап Шымкентте шектеу енгізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу