Илон Маск коронавирусты аса қауіпті ауру деп есептемейді
Ол өз қарамағында жұмыс істейтін барлық мамандарға қызметтік хат жолдап, COVID-19 вирусынан адамның өлу ықтималдығы өте аз екендігін айтқан. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.
Коронавирустен көрі автомобиль қағып кетіп қайтыс болғандардың саны көп, атап айтқанда АҚШ-та бұл аурудан көз жұмғандар саны апаттан қайтыс болатындар санынан 1000 есе аз деді. Илон Маск мырзаның айтуынша, коронавирустан қорқу ол тек ақымақтыққа ғана жатады екен.
Осыған байланысты Tesla және SpaceX компанияларының қызметкерлеріне офисте жұмыс істеу міндеттеліп отыр. Америкалық басқа Facebook, Amazon, Twitter, Google және Microsoft сияқты компаниялар болса сақтану мақсатында өз мамандарына үйден отырып, жұмыс істеулеріне рұқсат берген.
Биылғы 14 наурыздағы мәлімет бойынша АҚШ-та 1700-ден астам адам осы ауруды жұқтырып, оның 40-ы қайтыс болған.