Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ер адамның жағдайы ауырлауда
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ер адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көрнекті фото: Фотоның науқас адамға еш қатысы жоқ
- "Жағдайы ауыр. Науқасқа барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді басқармадағылар.
Айта кетейік, 22 наурызда да ер адамның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Ер адамға екі жақты пневмония мен бірінші деңгейдегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған болатын.