Алматыда құстардың қырылуының алдын ала себебі аталды

Oinet.kz 26-03-2020 1275

Алматыдағы Ауыл шаруашылығы министрлігі 28 панфиловшылар саябағында құстардың қырылып қалу себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

facebook.com/Ерқанат Тұрсынжанұлы

26 наурызда Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында құстардың қырылып қалу себебін анықтау үшін Алматы облысы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бастамасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Зоология институтының және Көгалдандыру бөлімінің өкілдері бар.

"Комиссия бұған дейін мұз айдыны болған 100 шаршы метр аумақта 30 құстың қырылып қалғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша құстар уланғаннан қырылуы мүмкін. Комиссия қырылған барлық құстан анализ алып, ветеринарлық қызмет оларды лабораториялық зерттеуге іріктеді. Құстардың неден қырылғаны талдау нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады", - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Еске салайық, кеше әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында қырылып қалған құстардың видеосы пайда болған.

Вирус жұқтырған ақтөбелікпен бір ұшақта болғандар 7 қалаға тарап кеткен
Елімізде коронавирустан емделген 2 адам ауруханадан шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу