Коронавирустан көз жұмған анасының жанында кішкентай бала 16 сағат бойы отырған

Oinet.kz 26-03-2020 3696

Қазір қайтыс болған дәрігер жұмыс істеген аурухана онымен байланыста болған барлық қызметкерлер мен науқастарды хабарласып, анықтап жатыр.

АҚШ-та кішкентай бала коронавирустан қаза тапқан анасының мәйіті жанында шамамен 16 сағат болған, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости хабарлағандай, 42 жастағы маммолог дәрігердің өлі денесі үйінен табылды. Марқұмнан алынған COVID-19 талдауы оң нәтиже берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция кісі өлімін анықтағанда дейін әйел 12-16 сағат бұрын көз жұмған. Осы аралықта оның жанында төрт-бес жасар баласы болған.

Қазір қайтыс болған дәрігер жұмыс істеген аурухана онымен байланыста болған барлық қызметкерлер мен науқастарды хабарласып, анықтап жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 індетін пандемия деп жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 414 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырған, 18 мыңнан астамы қайтыс болған.

Олимпиаданың бір жылға шегерілуі қанша шығын келтіретіндігі айтылды
Елорда тұрғындары Есіл жағалауына азық-түлік әкелуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу