Токиоға жоспарланған Олимпиада ойындары екі жылға шегерілуі мүмкін

Oinet.kz 11-03-2020 932

Жапония астанасы Токиода биылғы жылдың жазында өтеді деп жоспарланған Олимпиада ойындары кейінге шегерілуә мүмкін. Олимпиаданы бір-екі жылға кейінге қалдыруы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Tokio.png

Коронавирустың әлемге таралуы осы жазда Токиода өтетін олимпиадалық ойындардың өтпеуіне себеп болуы мүмкін. Daily Mail жазуынша, Олимпиаданы екі жылға кейінге қалдырады деп жоспарлануда. Мұндай шешім спорттық сайыстарды түгел тоқтатуға қарағанда дұрысырақ болмақ. Мұндай пікірді жапондық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харукуки Такахаши білдірген.

Оның ойынша, ойындардың шегерілуі Олимпиаданың толық өткізілмеуіне қарағанда қаржылық тұрғыдан аз шығын алып келеді.

Басылымның жазуынша, Олимпиада-2020 атқарушы комитеті ойындарды алдын ала белгіленген мерзімде, яғни 24 шілшде мен 9 тамыз аралығында өткізу керек деп есептейді.

Еске сала кетсек, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 11 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Ведомствоның Facebook желісіндегі ақпаратына сәйкес, бүгінде ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбай рақымшылыққа ілінуі мүмкін
Дулат Ағәділдің мәйітін видеоға түсіргендер тергеуге алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу