Елімізде бағасы 3 миллион теңге тұратын көлік жасалмақ

Oinet.kz 27-02-2020 1146

Қазақстанда құны 3 миллион теңге тұратын көлік жасап шығару жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

2020022710200880460_2-3.jpg

– Үкіметпен жасалған келіссөз және тапсырмаларға сәйкес, автосалондағы құны 3 миллион теңгеден аспайтын эконом әрі арзан көлік шығару жөнінде жаңа тапсырма бар. Қосымша несиелендіру, лизингтік бағдарламалар жасалады. Біз 3 миллион теңгеден аспайтын көлік моделін таптық, – деген Андрей Лаврентьев.

Қазақстанда қазір бірнеше көлік түрлері құрастырылады. Лаврентьевтің айтуынша, көлік өндірісінің өсімін жылына 100 мың машина шығаратындай дәрежеге жеткізуге болады.

Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Абай мерейтойына арнап 27 келілік кітап жарық көрді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу