Үндістанда интимді қызмет көрсеткен Қазақстан азаматшасы ұсталды

Oinet.kz 07-02-2020 1073

Үндістанның Пенджаб штатында полиция қызметкерлері рейд кезінде болжам бойынша интимді қызмет көрсеткен қонақ үй қызметкерлерін тұтқындады. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, олардың арасында Қазақстан азаматшасы да бар.

image.png

Мұндай ақпарат The Times of India басылымының сайтында пайда болған.

Полиция рейд жүргізіп, нәтижесінде жергілікті қонақ үйлердің бірінен 28 қызметкерді ұстаған. Қамауға алынғандардың 15-і әйел.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, олардың бірі Қазақстан азаматы.

Қазір ұсталғандардың барлығы қамауда отыр.

Басылымның ақпаратына сәйкес, елде міндетті болса да, қонақ үй қызметкерлері қонақтар тізімін жүргізбеген және олардан құжаттарды талап етпеген. Одан бөлек, қонақ үй келушілеріне интимді қызмет көрсетілген деген де күдік бар.

NUR.KZ редакциясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа ақпарат алу үшін жүгінді. Ол жарияланған деректерді Қазақстанның Үндістандағы елшілігі тексеретінін хабарлады.

Басқа нақты ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты атышулы іс аяқталды. Жас жігіт 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дариға Назарбаева: "Әкімдер өтірік цифрларды судыратады”
Президентке "Самұрық-Қазынаның" нәтижелері баяндалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу