Мыңға жуық ауылда интернет жоқ
16-11-2021
Қазақстанда смартфонды «лизингке» беретін сервис іске қосылды. Forward Leasing компаниясы қазақстандықтарға ұялы телефонды жалға беру сервисін іске қосты.
Қазіргі уақытта аталмыш сервистің арқасында тек Samsung телефондарын алуға болады. Алдағы уақытта бұл сервисті қолдануға болатын смартфон түрлері көбейе түспек.
Бұл сервис кредит пен бөліп төлеуге мүлдем ұқсамайды. Сонымен қатар аталмыш қызмет түрі бұған дейін Ұлыбритания, АҚШ, Корея, Ресейде қолданыста болған.
Сервистің ерекшелігі:
– смартфон меншігіңізге өтпейді;
– ай сайын тек қолданғаныңыз үшін төлейсіз;
– жаңа смартфон алғыңыз келсе кез келген уақытта дүкенге қайтарып, жаңа үлгісін ала аласыз;
– мұның бәрін дүкенге бармастан онлайн жүзеге асыруға болады.
Айта кетейік, Forward Leasing – Home Credit халықаралық тобының бір бөлігі.