Арыстанбек Мұхамедиұлы қартайған кісіні қария деп кемсітуге қарсы екенін айтты

Oinet.kz 04-11-2019 1524

Screenshot_18.jpg

Экс мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында «Қария» сөзінің қолданылуы қате деген өз пікірін білдірді, деп жазады Oinet.kz тілшісі.

Бағдарлама тілшісі: «Өмір жасыңыз ұзақ болсын. Жүз жасаңыз! Бір-екі сұрағым қалды...», - дегені сол  сөзін бөліп: 

«Жүз жас дегенді құптамаймын. Мен өз басым «Қария, шал, ақсақал» дегенге өте қарсымын. Мысалы, ақсақал деп сексен жастағыны айтады. Әбдіжәміл Нұрпейісов 95-ке келгендігін тойлап жатыр. Неге оны қария деп кемсітеді.  Ел ағасы, абыз деп неге айтпайды. Әлі күнге дейін шығармасын жазады, бізге тапсырмасын береді. Абыз деп айтсын», - дейді Мұхамедиұлы.

Видео сілтемесі 

Естеріңізде болса, экс-министр Ұлттық музейдің директоры атанған болатын.

100 рет қажылыққа барып, дүркіретіп той жасау дұрыс па? ҚМДБ өкілі жауап берді
Экс-министр дүниеден өтсе Нұр-Сұлтандағы Пантеонға жерленгісі келетінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу