Альварес пен Ковалев жекпе-жегінің гонарары белгілі болды

Oinet.kz 01-11-2019 1095

Картинки по запросу альварес ковалев

WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы ресейлік боксшы Сергей Ковалев мексикалық Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жегі үшін үш миллион доллар гонорар алады, - деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.  

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін ие Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жек үшін қанша гонорар алатынын жариялады.

Мексикалық бұл кездесуі үшін 35 миллион доллар. Ал ресейлік үш миллион ғана алады екен. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өтетін бұл жекпе-жекте ресейлікке тиесілі WBO титулы сарапқа салынады. Қазақстан астанасының уақытымен бокс кеші 3 қараша таңғысын болады.

Қазақстандық суретші Ұлыбританияда топ жарды
Түркістан: «Адалдық елшілері» жобасының ерікті жастары басқосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу