Лауазымды қызметке келген Мейрамбек Беспаев қандай істер атқарып жатқанын айтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мейрамбек Беспаевты өзінің мәдениет ісі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындаған еді. Қазіргі таңда әнші қандай қызмет атқарып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Ревю арнасына сілтеме жасап.
«Әр нәрсе өз уақытымен ғой. Бірақ, мен ойламаймын, өмірбақи сахнада 90-ға келгенше өлең айтып тұрамын деп. Әр кезеңдер болады, эстафета. Мысалға, осындай бауырларымыз бар кезде қорықпай сахнаны беріп кете бересің»,- дейді Мейрамбек Беспаев.
Бұл «уақытым келді» деп, саясатқа бет бұрған қазақтың бозторғайы Мейрамбек Беспаевтың шенеунік атанғалы берген алғашқы сұхбаты.
«Өзім өте қуаныштымын! Өз саласына өз адамдары барса ол құба-құп, ол түсінеді, ол жаны ашиды. Менеджерлер деген, хозяйстваның адамдары бөлек шығар. Олардың маңайға алып жасауға болады. Бірақ, дегенмен әр саланың өзінің жанашыры отырса, шынымен де алдыға қарай бір қадам басылады деп ойлаймын»,- дейді әнші.
Шоу-бизнес төңірегіндегі өзекті мәселелерді бүкпей баяндап, әріптестерінің сойылын соғып жүрген Мейрамбек Беспаев өнерге өзгеріс алып келетініне сенімді. Әзірге жұмысын жас буынды демеуден бастапты.
«Шыныменде жас әншілерімізді қолдау керек. Әсіресе, дәстүрлі әншілерді, мына қазақи әншілерді жүрегіммен қолдаймын, шынымды айтсам. Сондықтан біздің дворецтің төңірегінде қаншама проблемалар бар, барлығын ақырындап шешіп жатқан сияқтымыз. Әйтеуір, ойымызды тыңдап жатыр, соған рахмет айтам»,- дейді әнші Мейрамбек Беспаев.
Байсалды болмысынан танбайтын Мәкең саясатты да байыпты жүргізбек. Өнер саласы ақсамауы үшін шаҺар басшылығымен бірге біраз іс атқаруға ниетті. Дегенмен, «орынтақ атамнан қалған мұра емес», - дейді ол.
«Орындық, мансап қуып жүрген адам емеспін. Шыныменде көмектескім келіп осы шешімге келдім. Өздеріңізде көріп жатқан шығарсыздар. Алматыда өнердің төңірегінде өзгерістер болып жатыр. Әлі де болады, жақсы өзгерістер болады, құдай қаласа. Оны енді жастар біледі, жайлап-жайлап концерт беріп жатқан. Оны айтпай-ақ қояншы, көмектестім анау-мынау деп»,- дейді Мейрамбек Бесбаев.