Мен Ақбөпемін деп ережені бұза берсек не болмақпыз - желі қолданушысы

Oinet.kz 25-08-2021 3863

Screenshot_2.jpgКейде адамға өткірлік керек. Біреудің тәрелкесіндегі котлетті жеп ыспакойны отыра беретін наглый типтер де бар.  Дәп сөйтпесек те өткір мінезімізбен біраз жерге кірдік, біраз жерден тірі шықтық. 

Пандемия жағдайында бәріміз белгілі бір ережелерге мойынсынып (мойын ұсыну) жатырмыз. Мәселен, қанша жерден жұмыссыз жүрсем де асабалыққа той алмай жүрмін. Сөзім бөлек, ісім бөлек болмас үшін. 

Қазір акимат тұрмақ біраз мектепте турникет бар. Небір лаңкестік оқиғадан соң жасаған амал ғой.

Дәретхананың өзіне ашық қосымшасы арқылы кіретін заман боп тұр... 

"Мен Ақбөпемін(Нартаймын, Аянмын, Миятпын)",- деп ережені бұза берсек не болмақпыз? 

Ал, күзетшінің асыра күш қолдануын қолдамаймын. 

Әкім кездескісі келмесе мықты сылтау табуға болады тым құрымағанда... 

Мемтілші болғаны үшін ғана  түймедейден бастап түйеге дейінгілер қолдап кеткендей...

Айсұлтан Жақыповтың Facebook парақшасынан

Министр журналист қызды көтеріп алып лақтырып жіберген әкімдікке шүйлікті
«Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады»: Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу