Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия и егері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы кеңес береді.
«Келіннің келсап болуы, келіннің келін болуы енеге байланысты» дейді. Ал қазіргі заманда «келіннің келсап болуы, келіннің қасиетті келін» деген атақты алып жүруі келіннің өзіне байланысты деп айтар едім. Бұған ененің еш қатысы жоқ, заман өз орнында тұр , бұл жерде қателік қыздан. Яғни, қызға отбасындағы от анасының берген тәрбиесіне байланысты.
Сен енеден туған баланы жақсы көреді екенсің , сүйеді екенсің де, оның анасын жақтырмайды екенсің. Енең- күйеуіңнің анасы деп қабылдай білу, өз анаңдай сыйлай білу шарт, енең перзенттеріңнің әжесі екенін де ұмытпаңыз. Ал енелер тарапына келер болсақ, ене бала мен келіннің арасына түсе беретін болса, бұл есерсоқтық. Егер олардың арасына түспей, енесі ақылын айтып, бірақ, сол ақылын айтқанға көнбеген келіндерді есерсоқ келін деп есептеймін. Демек, сыйластық, түсіністік болмауынан арадағы қарым-қатынас бұзылады. Кейбір енелер балаларын келінінен қызғанып жатады кейде, сондықтан, балаңыз ер жігіт болғаннан кейін оның келін түсіретінін, әйел алатынын қабылдай білу керек. Келіндерге айтарым, зайыбыңыз сізден гөрі анасына көбірек көңіл бөлетін болса, мұнысын дұрыс түсінген жөн. Жоқтан ашу шақырғанша, ақылмен іс істе. Айтқаның екі етпей,енеңнің көңілінен шығуға тырыссаң, күйеуің де сені сыйлайды. Ал енеңіз сізді «қызым» дейтіндей қылу үшін оған «лайық» болу керек.
Дереккөз : anabol.kz