Енемнен күйеуімді қызғанамын

311-1476220443-57df1275cd.jpg

Отбасылық өмірдің әр кедергісі әйел адамға қашанда сын, сол қиыншылыққа төтеп беріп сабырмен қарау мықты әйелдерге тән қасиет. Ене мен келін арасындағы қиыншылықтар, әр отбасындағы жағдай. Өз күйеуін енесінен қызғанбайтын әйел жоқ шығар. Енеңізден өз күйеуіңізді қатты қызғанатын болсаңыз, үнемі сол үшін кикілжіңге келетін болсаңыз психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

 

 

 

  • Күйеуіңізді енеңіз қызғанатындай жағдай тосын емес әрине іштен шыққан баласын кім қызғанбайды дейсіз.  Бірақ енеңіз араңызға түсіп қатты қызғанатындай болса, онда жағдайды бір ретке келтіру керек. Сабырмен қарап қорытынды жасап соңына дейін күтіңіз.

  • Енеңізге күйеуіңіздің ерсі қылықтарын айтып басын қатырмаңыз. Тек жақсы жақтарын айтыңыз.

  • Күйеуіңізден енеңізді қатты қызғанып енеңізге өз ренішіңізді көрсетпеуге тырысыңыз. Ол кісінің қартайған шағында бала секілді сізден жақсы қолдаумен жақсы сөз естігісі келеді.

  • Қызғануға себеп болмаса ұрыс шығарып күйеуіңізге енеңізді жамандамаңыз.

  • Енеңізді өз анаңыздай құрметтеп сыйлаңыз.

  • Баласы үшін шыр-пыр болып жүретін жан анасынан артық кім бар деп ойлайсыз, енеңізде сол секілді жаны шығып баласының қамы үшін келінін де ренжітіп алады. Сіздің де ұлыңыз бен қызыңыз ер жетіп, үйлі баранды болғанда, сондай жағдайда болғанын қаламайтын шығарсыз ендеше енеңізге түсіністікпен қараңыз.

  • Әрдайым күлімдеп  жүріңіз.

  • Жақсы мақтауларды көбірек айтыңыз,ақыл айтса тыңдаңыз.

  • Ерте тұруға дағдыланыңыз,өйткені күні бойы сергек жүруге ықпал етеді.

  • Енеңізге соңғы рет қандай жақсы сөз айттыңыз.

  • Енеңізбен соңғы рет қашан емен жарқын отырып әңгіме айттыңыздар.

  • Дәмді тағамдардың түр-түрін жасауға дағдыланыңыз.

 

 

 Шаңырақтың құты мен берекесі аналардың қолында екенін білетін боларсыз, қызғанышқа барып соңы адам көріспейтіндей жағдайға әкеліп жататыны рас. Арадағы жақындықты жандандырудың бір жолы енеңіздің көңілін мейіріммен жұбатып, көңілін таба біліңіз.

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: