Енем балаларымды ұрады

692-1476211682-e3b9303bb9.jpg

Сұрақ:  Тұрмысқа шыққаныма 5-6 жыл болды. Қазірде екі балам бар. Өзім балажанмын ба, әлді енем қатігез бе, әйтеуір енем екі балама маза бермейді. Бала болған соң ойнайды, шулайды, бірнәрселер бүлдіреді, ол заңды ғой. Ал енем оларды көтере алмай, екеуін ұрады, жер-жебіріне жетіп болады. Талай рет ара түсем деп, күйеуімнен ұрыс естідім, атама да жаман атты болдым. Осы үшін ажырасып кетуге дейін бардық. Бірақ мен отбасымды сақтап қалғым келеді. Енді, «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» қалай шешім тапсам болады?

Гүлшаттық, 28 жас

 

Жауап:  Гүлшаттық, әйел адам отбасының ұйтқысы, берекесі болуы керек. Өз балаласын кім жақсы көрмейді, алайда әжесі де оған бөтен емес, туғаны. Ол да жамандық ойламайтын болуы керек. Ал егер орынсыз дауыс көтеріп, ұра берсе ол бөлек әңгіме. Сіз балаларыңызды да жақтамай, енеңізге де дауыс көтермей, байыбына барып көріңіз. Мәселен, балаларыңыз шулап, бұзықтық жасаған кезде алдымен өзіңіз балаларыңызды тәртіпке салыңыз. Жылы-жұмсақ сөздермен енеңіздің де көңілін таба біліңіз.

 

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: