Енем біздің тұрғанымызды қаламайды


740-1476212241-820a1d8108.jpg

 Менің енем қызық адам. Қызықтың қызығы. Бірде бізбен тұрғысы келеді, біресе тұрғысы келмейді. Мәселе былай... Біздің үйдің 4 ұлы бар.Менің жолдасым ең кенжесі. Бірақ, енем үшінші ұлын қатты жақсы көреді. Келін болып түскенімде қолдарында болдық,кейін бізбен тұрғылары келмей,жолдасымның ағасын шақыртып алды. Ал оның әйелінің мінезі шатақ,үй шаруасына жоқ,сөйтіп, енем екеуі сыйыспай кетіп қалды тағы да. Не керек, жөнімен кеткен біздің келуімізді қалап, амал жоқ, бардық.Бірде енем қайынағамды сағынып,үйге алдыртты. Олар келген соң бір үйде у-шу болмай кеткіміз келді, кеттік. Әйтсе де, келін мен ене арасындағы кикілжіннің кесірінен олар қайта кетіп қалыпты. Енем келінді ұнатпағанымен,баласын жібергісі келмейді,ал атам біздің келуімізді қалап шақыртып ала береді. Ылғи осылай істейтіні жанымызға батады. Қайтеміз енді?Ата-анамыз болғаннан кейін қазір қайтадан сонда тұрып жатырмыз.Енді енемнің ауруы тағы басталды, ұлын шақыртыпты, онымен қоса,үлкен қайынағам да келіп алған. Мазамыз кетті әбден, кетейік десек,атамның жібергісі жоқ. Ол енемнің бұл қылығы үшін сөгеді де. Ал енемді түсіне алар емеспін,менде,жолдасым да,тіпті,қанша жыл бірге тұрған атам да. Үйдің ұйытқысы-әйел,ана,ене емес пе?!Неге енем өз баласына сондай қылық көрсетіп,өз отбасының берекесін кетіріп отырады?

Белгісіз жан

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы:

 Құрметті оқырман! Егер енеңіз тым үлкейген қарт адам болса – кәрілік алжу деген болады. Ал егде жастағы жан болатын болса, барлық қайнағалар-абысында, қайны-келіндер болып, сол әулеттің басын қосып, ашық әңгімеге шақырып, ұрыс-айқайсыз ақылдасуларыңыз. Үлкен кісілерді ата-ене ретінде сыйластық таныта бір мәмілеге келген жөн. Бұл жерде маған түсініксіз болып отырған жай – бөлек шыққын балаларының еншісін бөліп берген бе еді? Олардың жеке үйлері бар ма? Ауылдық жерде тұрады ма? Егер еншілері бөлінген болса, сағынған сәтте неге әр балаларының үйлеріне қыдырып барып мауқын баспасқа... Міне осы мәселелердің басын ашып алу үшін барлықтарыңыздың бастарыңыздың қосылғаны шарт. Бұл жерде тек ашық әңгіме ғана сіздердің бастарыңыздағы мәселені шешіп береді.

 

 






Дереккөзз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: