Жұлдыз-жорамал «Енеңіз жайлы біле түсіңіз!»

574-1476212263-f76cefabe3.jpg

Тұрмыс құрғансыз ба? Енеңіз қандай? Немесе көңіл қосып жүрген жігітіңіз бар шығар... Жұлдыз-жорамал арқылы (Болашақ) енеңіздің қандай жан екені жайлы жақынырақ біле түсіңіз, мүмкін қарым-қатынасыңызды түзеу үшін сізге септігін тигізер.

 

Тоқты

Бұл әйел тез шешім қабылдай алады. Сіздің сүйіктіңіз анасының мінезіне үйренген, енеңіз ашуланса бірден ұрысып, айқайлап тастауы мүмкін. Өзіңді қалай ұстау керек? Мұндай әйелдерге бірден ұнау мүмкін емес. Сондықтан, онымен сөз таластырмай,келісе беріңіз. Жиі ақыл-кеңес алып тұрғаныңыз да дұрыс.

Торпақ

Мұндай классикалық аналар баласы үшін тауды да қопаруға дайын. Ең бастысы, баласын жақсы көрсеңіз болды. Торпақ енелер үйде бәрі таза, өз орнында тұрғанын, тамақтың уақытысымен дайын болғанын ұнатады. Өзіңді қалай ұстау керек? Ақылды, дана әйел болыңыз!

Егіздер

Егіздер ене өте жайлы келеді. Олардың әрдайым күш-жігері мол, белсенді, әрдайым жалындап тұрады. Кез-келген келінді қабылдауға дайын және онымен түрлі тақырыпта әңгіме қозғай аласыз. Өзіңді қалай ұстау керек? Оның не жақсы көретінін, қандай кітап оқып, кино көретінін біліп алыңыз. Бұл сізге әңгіме барысында өте қажет. Еш себепсіз сыйлық беріп тұруға тырысыңыз, сыйлық алғанды кім болса да жақсы көреді, ал сыйлық берген адамның да орны ерек ғой.

Шаян

Шаян-енелер үй шаруасына өте мұқият қарайды. Келіні ұқыпты ма, тамақты қалай әзірлейді, баласына қалай күтім жасайды, осының бәрін бақылап, басты назарға алғанды жөн санайды. Өзіңді қалай ұстау керек? Үй шаруасы мен немерелерінің тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Және ненің болмасын өз орнымен болғанын қалайды. Сондықтан, енеңізбен жиі ақылдасып, оның көзқарасымен санасқаныңыз жөн.

Арыстан

Бұл өзі жарқын,өзіндік ұстанымы бар ерекше жан. Келіні жай ғана адал жар, жақсы ана, пысық келін болғанын қаламайды, мансап жолында жетістікке жеткен тұлғаларды ұнатады. Өзіңді қалай ұстау керек? Өзіңіздің қолыңыздан бәрі келетінін, мақсат жолында жеңілмейтініңізді көрсетіңіз. Жолдасыңызды оның көзінше алғи мақтап, онымен мақтаныңыз.

Бикеш

Енеңіз- өте ұқыпты, күмәнданғыш жан. Оның үйнде бір шаң болмауы, тамақ табиғи өнімнен әзірленгені, дәрілер ең мықты дәрігердің кеңесімен алынған болса керек. Өзіңді қалай ұстау керек? Жолдасыңызға табиғи матадан киім алып беріңіз,оның таза жүргенін бақылаңыз, ал үйге су тазалағыш қойғаныңыз дұрыс.

Таразы

Шығармашылық адам, бәрінің әдемі және ерекше болғанын қалайды. Таразы енелер қарым-қатынаста өте сабырлы және сыпайы. Өзіңді қалай ұстау керек? Ол сізбен ақылдасып, кеңесіп тұруы мүмкін. Сондықтан, әрдайым әдемі кінуге тырысыңыз. Және үстелді жарқыратып қоюды ұмытпағайсыз!

Сарышаян

Өте жұмбақ ене. Оның не ойлап тұрғанын біле алмайсыз. Сіздің әрбір ісіңізді үндемей бақылап жүруі де ғажап емес. Өзіңді қалай ұстау керек? Оған әрбір болмашы дүниелерді айта бермеңіз, ол жігерлі жандарды жақсы көреді. Сіздің қателіктеріңізді енеңіз көрмейтіндей жағдай жасаңыз!

Мерген

Онымен қарым-қатынас өте ыңғайлы әрі жеңіл. Интелектуалдылық дәрежесі жоғары. Өз ұлына үлкен сеніммен қарап, оның әрбір ісін қолдап отырады. Өзіңді қалай ұстау керек? Енеңіздің қызығушылықтарын біліп, әңгіме барысында оны қолдап, қолпаштап отырыңыз. Кеңес алып, өз ойыңызды да білдіруіңізге болады. Онымен тіл табысу оңай болғандықтан, ашылып әңгіме дүкен құрсаңыз, одан асқан жақын адам болмайды.

Тауешкі

Ұстамды әрі сақтанымпаз. Сынап жүреді. Одан мақтау есту екіталай, қиын десе де болады, ал ескерту айтуға қашанда дайын. Ұлының отбасылық жағдайын жақсарту мақсаты. Өзіңді қалай ұстау керек? Кез-келген келінді қабылдай алмайды. Тауешкі енелермен байсалды, іскер болыңыз! Сол отбасы ұстанған өзіндік дәстүрлерді сақтағаныңыз жөн. Жолдасыңызды айтып, енеңізге шағымданудың қажеті жоқ. Өйткені, тауешкі ене үшін ұлынікі қашан да дұрыс.

Суқұйғыш

Суқұйғыш енелер баласының өміріне араласпайды. Ол әрқашан әділдікті жақтайды, егер де отбасы да ұрыс-керіс болған жағдайда ақиқатын айтып, дұрыс жағына шығады. Өзіңді қалай ұстау керек? Олар үшін өздерінің биікке шыққаны маңызды.Достары мен жұмысын да алдыңғы орынға қояды. Балаға қарап, үйде отырады-ау деп ойламаңыз, өзінің шаруасы ол үшін үлкен рөлге ие.

Балықтар

Өте уайымшыл адам. Ол үшін балаларынан асқан бақыт жоқ және қандай келін болса да күмәнмен қарайды. Өзіңді қалай ұстау керек? Белгілі бір жағдай болғанда онымен бірге уайымдап, қолдау көрсетіңіз. Жан дүниеңізді ақтарып, әңгімелесіңіз. Оның проблемаларын шешуде ат салысқаныңыз дұрыс .

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: