Мен ата-енеммен бірге тұрамын. Біз тұрып жатқан пәтер күйеуімнің әкесінің, яғни атамның атында, осы үйде тікелгенбіз. Егер мен күйеуіммен ажырасатын болсам, осы пәтерді бөліске сала аламын ба ? Және де өзімнің анамның үйі менің атымда. Жолдасыма да ол үйдің жартысы тиесілі ме сонда? Бірақ, күйеуім ол үйде тіркелмеген.
Гаухар Айтжанова, заңгер:
Егер пәтер жолдасыңыздың әке-шешесіне тиесілі болып тұрып және олар тірі болса, пәтерді олардан ешкімде ала алмайды және бөліске сала алмайды. Егер олар қайтыс болған жағдайда, пәтерді жолдасыңыз немесе оның бауырлары иелене алады. Кейін жолдасыңыз үйді өз атына көшіріп алған күннің өзінде, сіз оны иеленуіңізге құқыңыз жоқ. Себебі, үй мұра болып табылады, мұра болып қалған дүние бөліске түспейді.
Ал сіздің атыңыздағы үй неке кезінде сізге тиесілі болса, ортақ мүлік болып есептелініп, бөліске түседі.
Дереккөз : anabol.kz