Тәмсіл

480-1476221855-4656f3b051.jpg

Данагөй қарттан тәлім алуға келген жас жігіт:

— Ақсақал, маған тапсырма беріңізші.

— Үндеме!

— Түсінбедім.

— Тапсырма сондай. Үндеме! Бір тәулік бойы жақ ашпа.

— Жарайды, жай ғана үндемей жүру деген қиын емес қой.

— Ал сен байқап көр! Маған мұндай тапсырма берілгенде жарты сағат та шыдамай, сөйлеп қойып, кейін ауызымды алақаныммен жауып жүрген кездерім де болған. Ал уақыт өте келе көп жағдайда сөз шығындап, сөз таластырғанша, үндемей-ақ бар пәледен құтылуға болатынын ұқтым. Үнсіздіктің кейде тіпті жаныңа тыныштық сыйлап, айғай-шу мен талас-тартыстан бойыңды аулақ ұстайтынын түсіндім. Бұған менің етім үйренді. Жөнсіз сөйлемеудің, кейде мүлде үндемей қалудың пайдасы мол. Өзіңе сеніміңді арттырады, сабырлы болуды үйренесің, терең ойлап, шалт қимыл жасамауға әдеттенесің, жанған оттай лап ете қалатын бойыңдағы жаман дағдылардан арыласың, жаман ойды тежейсің. Мұның өзі – түсінген адамға мол тәлім-тәрбие! – дейді ақсақал.

 

 

Үнсіздік – ақымақтыққа қарсы күшті құрал. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» дейді емес пе қазақта?!

 

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: wiolife.ru


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: