Тәмсіл

817-1476221745-2d433111af.jpg

Көлдің жағасына барып балық аулайтын балықшылардың қатарына кейіннен қосылған бір жанның әрекеті өзгелерінің таңданысын туғызады. Ол үнемі балық аулағанда балықтардың әрқайсысын қолына ұстап қарап, арасынан таңдап қана алады. Ал қалғандарын суға жібере салады. Сонымен қатар өзге балықшылар бұл кісінің қолындағы сызғышты да байқапты. Ол сызғышпен аулаған балықтарын өлшеп көреді екен. Егер балықтың ұзындығы 15 сантиметрден асса, оны суға лақтырады. Бұған таңданған балықшылар әлгі адамнан осы әрекетінің себебін сұрайды. «Сен неге аулаған ең үлкен, тиісінше, ең жақсы балықтарыңды суға қайта жібере саласың? Мұның сыры неде?» деген сұрақтарға балықшы: «Мұның ешқандай да сыры жоқ. Бар болғаны, менің балық қуыратын табамның диаметрі – 15 сантиметр ғана, яғни одан үлкен балық табаға сыймайды», – деп жауап беріпті.

 

Қанағат қарын тойғызады.

 

 

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: elims.org.ua


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: