--Мұхтар аға, сізден бір сыр сұрасақ деп едік. Кезінде сіз ұйымдастырған «Күлейікші Мұхтар» деген сатиралық бағдарламаңызды жұрт жылы қабылдап еді. Ол неге жалғаспай қалды?
--«Күлейікші Мұхтарды» бастаған кезде бізде өнер жолында шарықтап шығайықшы деген ниетіміз болған жоқ. Өзіміз бастадық, бірақ ары қарай алып кете алмадық. Ол әзіл оспақты шағын концерт болатын. Халықтың алдына бір-екірет шықтық. Соныменен бітті.
--Бәрі қаржыға барып тірелді ғой?
--Иә қаржы ғой.
--Өзіңіздің шығармашылығыңызды не жаңалық болып жатыр? Қазір сатриалық театр ашушылар көбейіп тұр ғой. Сіздің бұған деген қызығушылығыңыз қалай?
-- Қазір мәдениет басқармасы жылда өткізіп жүрген «Күлкі жәрмеңкесін» о баста мен жұмыссыз жүрген кезімде ашқанмын. Дәл қазір театр ашу ойымда жоқ. Төрт томдық кітабым шықты. Алла бұйыртса, келер жылы мемлекеттік тапсырыспен тағы бір кітап жарық көрмек.
--Сатиралық театрлар шығармаларыңызды сұраныс беріп тұратын шығар?
--Иә, «Нысананың» жігіттері иегова кугерлері туралы шығармамды орындап жүр. «Шаншарда» көп дүнием қойылды. «Алдараспан» театры орындаған «Еуромола» да менікі.